Пайғамбардың (ﷺ) атына кір келтірмеңдер - Камал Салех
Пайғамбардың (ﷺ) атына кір келтірмеңдер - Камал Салех

Пайғамбардың (ﷺ) атына кір келтірмеңдер, өтінемін, тоқтаңдар!

Істеп жатқандарыңда мағына жоқ, істерің Ол(ﷺ)  бізге әкелген(бұйырған, үйреткен) нәрселерден емес.

Ол(ﷺ) бүкіл өмірін арнап, үйреткен нәрсе мүлде бұл емес!

Не айтсаңдар да, бәрібір- мен артынан ерген адам-басқа адам.

Ал сендер болсаңдар, өтірікті айтудасыңдар.

Менің Пайғамбарым(ﷺ) өсімдіктерді шабуға, құртуға тыйым салған.

Жәндіктерді күйдіруге де.

Сонда неге мен түсіне алмайтын нәрсе әлемде орын алып жатыр?

Осының бәрінен кейін сендер өздеріңді Оның(ﷺ) артынан ерушіміз дейсіңдер.

Пайғамбар(ﷺ): "ондай адам Жәннатқа кіру түгілі, оған Жәннаттың иісі де сезілмейді"- деп, кінәсіз адамдарға нұқсан келтіруге тыйым салды емес пе?!

Сонда қалай сендердің істерің Оның(ﷺ) жіберілген, бізге үйреткен дінімен сәйкес келеді?

Ол(ﷺ): "біздің жануарды екі рет өлтіруге хақымыз жоқ"- деп, бізді жануарды пышақпен қорқытудан тыйған.

Ал Одан(ﷺ) кеңес сұрағанда, Ол(ﷺ) үш рет: "ашуланба, ашуланба, ашуланба"- деді.

Ол(ﷺ) әрқашан бірінші болып сабыр танытқан.

Қарым-қатынасы ең нашар болғандармен де сабырлы болған.

Ал қашан Одан(ﷺ) жауларына Аллаhтын қаһарын түсуін өтінгенде, Ол(ﷺ)  айтты:

-Мен қарғыс үшін Елші болып жіберілген жоқпын. Керісінше, жерге рахым ретінде, әлемдерге рахым ретінде. Күллі жаратылыс пен адамдар үшін.

Оның(ﷺ)  артынан бұлт жүріп, көлеңікесін сыйлаған, ағаштар болса Ол(ﷺ)  үшін тербелген.

Құстар да Оған(ﷺ)  топ-тобымен ұшып, көмегінен үміт еткен.

Ол(ﷺ)  әділдіктің, беріктік пен туралықтың адамы болған.

Оны(ﷺ)  өлтіргісі келгендердің өздері Оған(ﷺ) сенген.

Пайғамбарға(ﷺ)  он жыл қызмет қылған Анас ибн Малик бір рет те наразылық сөзін естімеген.

Өзі үшін ешқашан да ашуланбаған, тек бір Алла үшін ғана.

Ешқашан жамандыққа жамандықпен жауап бермеген.

Егер ол қатты болғанда, адамдар одан алыстап кетуші еді.

Мен мүлде түсіне алмаймын- қалай сендер істеріңді ақтап алмақшысыңдар?

Біз Исламның үкімдерін орындаймыз дейміз, бірақ толыққанды түрде орындауға шамамыз жетпейді.

Ол(ﷺ) қамқор және мейірімді болған.

Хадисінде айтқан: "кез-келген тірі нәрсеге көмектескенге сауап бар(жануар, ағаштар немесе адам болсын)".

Аса Ұлы Алланың өзі Оны(ﷺ)  әлемдерге рахым деп атаса,

қалайша сендер Оның(ﷺ)  есімін кірлетіп тастадыңдар?!

Ол(ﷺ) мұсылман жұмсақ, қарапайым және қамқор болады деген адам емес пе?!

Шектен шығушылыққа жоламауды өзінің мысалы арқылы көрсете білген.

Егер Оған(ﷺ)  екі нәрсе ұсынған болса, басқаларға оңай болсын деп, Ол(ﷺ) оңайын таңдаған.

Ол(ﷺ) - құлдардың азаттығын қалаған.

Мұсылман адам- өзгелерге зиян істемеген адам. Ол(ﷺ)  үйреткен нәрсе- осы.

Ешқашан біреуді кемсітіп, мысқылдамаған.

Осындай адам болған.

Ешкімді де жұрт алдында сөкпеген.

Мен артынан еретін адам- осы.

Ерекше естілсе, кешіріңдер.

Ол(ﷺ) ең жақсы және ең тамаша адам болған.

Көршілерге жұмсақ болуды бұйырған.

Ештеңе  дәметпестен басқаларға көмектесуді бұйырған.

Таныс немесе бейтаныс адамдарды "сәләм" сөзімен қарсы алуға үйреткен.

Қарапайым болуды және дұшпандарға назар аудармауды бұйырған.

Зардап шегушіні қорғауға, оларға болысуды үйреткен(еркек, бала немесе әйел болсын).

Бұл шектен шығуға рұқсат деген сөз емес қой?!

Сондықтан сол террористтер тек Исламды масқаралауда және кез-келген нәрсені айтып, Оның(ﷺ) атына кір келтіруді жалғастыруы мүмкін.

Бірақ, ақыр соңында мен сендерге сеніммен айта аламын-

Барлығының көзі ашылатын уақыт келеді.

ЖӘНЕ СЕНДЕР МЕН АРТЫНАН ЕРГЕН МҰХАММАДТЫҢ(ﷺ)  АРТЫНАН ЕРУШІ ЕМЕССІҢДЕР!

Talib Ищущий знания вконтактедегі парақшасынан қазақшаға аударылған.

Блогер Блогер
9 жыл бұрын 3508
2 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0