Бүгінгі технологиялар дамыған заманда интернет өміріміздің маңызды құралына айналды. Мұсылман адам шын өмірдегі сияқты, интернеттегі виртуалды өмірде де мұсылман екенін ұмытпағаны жөн.
Интернетті КҮНӘЛІ ІСТЕРГЕ немесе САУАП ЖИНАУҒА қолдануға болады. Сауап жинау үшін ұстану керек ҚАҒИДАЛАР:
1. ӨСЕК СӨЗДЕР ЖАЗБАУ. Комментарийлерге, посттарға өсек сөздер, ғайбаттар жазбау керек.
2. Әдепті, тәрбиелі мағынадағы посттарды тарату, жазу. Осы арқылы халықтың сауатын ашу, Ислам дініне деген махаббатты ояту, күшейту.
3. ӘУРЕТІ АШЫЛҒАН СУРЕТТЕР САЛМАУ. Мейлі әйел болсын, немесе еркек болсын, не өзінікі, не өзгенікі болса да.
4. ХАРАМ нәрселерді көрмеу, таратпау.
5. Көп артық сөз жазбау.
6. Дұрыстығына көз жеткізбеген, сенімсіз мәліметтерді таратпау.
7. Күлкілі болсын деген мақсатта, күлдіру үшін болса да жалған айтпау, жазбау.
Әркімнің парақшасы- ол мақтаныш заты емес, керісінше басқаларды жақсылыққа шақыру құралы. Сондықтан тек жақсы нәрселерді тарату керек.
Себебі, жақсылыққа шақырған сол жақсылықты істегендей сауап алады, ал жамандыққа шақырған сол жамандықты істегендерге себепші болады.
ОСЫНЫ ТАРАТАЙЫҚ, БАУЫРЛАР!
Мұсылманның әлеуметтік желіде ұстанатын қағидалары
|
1 пікір
-
Nurshat ZhakeyevaИа,нагыз мұсылман елге үлгі болу керек- сөзімен де,ісімен де.Бос сөз,әркімді кіналап-өсектеу күнделікті әдетке айналған.Ұрпағымызды ірілікке үйретейік,сөзқұмарлыққа емес.9 жыл бұрын
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.