"Көркем есімдер" - Аллаһтың 99 есімін жаттауға арналған мобильді қосымша
"Көркем есімдер" - Аллаһтың 99 есімін жаттауға арналған мобильді қосымша
Әссәләмуғалейкум, бауырлар!
 
Аллаһтың 99 көркем есімін жаттауға арналған мобильді қосымшаны қабыл алыңыздар.
Қысқаша мағлұмат бере кетсек, қосымшада барлық 99 есім, арабшасы, мағынасы, Құранда келген аяттары жинақталған.
 
Білімді тексеру мақсатында тест тапсыра аласыздар. Әр 10 есімге бір байқау тесті бар.
 
Және көбірек сауап жинағыларыңыз келсе, кез-келген есіммен және мобильдік қосымша туралы мағлұматпен әлеуметтік желіде бөлісе аласыздар.
 
Аллаһтың көркем есімдерін жаттағанның пайдасына келсек, Құранда айтылады:
“Аллаһтың көркем есімдері бар, сондықтан Оны сол көркем есімдерімен шақырыңдар(еске алыңдар)”(Ағраф, 8 - 180).
 
Және имам Бұхариде Аллаһтың 99 есімін жаттаған адам Жәннатқа кіреді деген хадис келтіріледі.
 
Тақуа жандардың айтқандары:
 
“Аллаһтың есімдерін қайталау арқылы өздеріңе көмектесіңдер”.
“Жүректі тазартатын су - Аллаһтың есімдері”.
“Қайда болсаңдар да, Аллаһты еске алу керексіңдер”.
 
Аллаһтың есімдерін жаттап, қайталаудың пайдалары осындай екен. Осы сауапты іске ат салысып, достарыңызбен бөлісіп, қосымшаның кемшіліктері болса айтуларыңызды сұраймыз.
 
 
Сілтеме: bit.ly/getNames99
білім, ислам, азан, сәжде, көркем есімдер, асмауль хусна
Блогер Блогер
7 жыл бұрын 8476
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0